Қарағандылық студенттер гуманитарлық оқулықтарды ана тілінде оқиды

207

«Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «100 жаңа оқулық» бойынша ағылшын тілінен аударылған 17 кітаптың 1500 данасы студенттерге қолжетімді болды. Қарағандылық студенттер аударма кітапты алғашқы болып ана тілінде оқуға мүмкіндік алды. Жоғары оқу орнына жеткізілген оқулықтардың арасында «Менеджмент», «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі заманғы психологияға кіріспе» сынды аударма кітаптарға сұраныс арта түсуде.

«Біз енді техникалық бағыттағы жоғар оқу орны болғанымен барлық мамандықтағы студенттерге философиядан, әлеуметтанудан, саясаттанудан, дінтану сияқты пәндерден дәріс оқимыз. Бұған дейін көптеген кітап орыс тілінде болғандықтан, әрине, бұл кітаптардың аударылуы жақсы жағымды жаңалық болып отыр»,-деді ҚМТУ аға оқытушысы Нұрсұлтан Сәрсенбеков.

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *