Найзағай көп түсетін аумақтар анықталды

423

Vaisala атты Фин компаниясы  2013-2017 жылы аралығында жерге түскен найзағайларды тіркеп келген. Компанияның мәліметі бойынша тау шыңының аумақтарында найзағай көп түседі. Бұл зоналарда ауа массасы соқтығысады да бұлт пайда болады. Соның салдарынан найзағай жарқылдайды. Компания өкілдері GLD360 ауқымды желісін пайдалана отырып төрт жылда 8,8 найзағай жарқылын тіркеді. Дерекке қарағанда, Солтүстік Америкада Техас, Оклахома, Канзас, Небраска, Оңтүстік Дакота және Колорадо штаттарына көп түсетіні белгілі болды. Ал Оңтүстік Америкада бұл тізімге Парагвай, Уругвай және Колумбия мемлекеттері енді. Африкада Конго Демократиялық Республикасына найзағай көп түсетіні анықталды. Австралияның солтүстік жағалауына, Азияда Суматра мен Малайзияға найзағай көбірек түскен.

Дереккөз: baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *