ҚазҰУ-да түлектер бас қосты

126

26 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Түлектер күні» аталып өтті. Бұл күні университетті әр жылдары тәмамдаған экс-студенттер бас қосты. ҚазҰУ-да маманданып, үлкен өмірге жолдама алған кешегі студенттер бүгінде еліміздің элитасының қатарында. ҚазҰУ өзінің түлектерімен мақтанады. Биылғы оқу жылында ҚазҰУ-дан 5000 мыңға жуық жас түлеп шығады. Бүгінде 16 факультет бойынша кадрлар даярлайтын университет отандық және халықаралық білім кеңістігінің алдыңғы қатарында.

ҚазҰУ Түлектерінің күні ректор, академик Ғалым Мұтановтың бастамасымен 2011 жылдан бері аталыпдағы ҚазҰУ-да «Түлектер күні» аталып өтті. Бұл күні университетті әр жылдары тәмамдаған экс-студенттер бас қосты. ҚазҰУ-да маманданып, үлкен өмірге жолдама алған кешегі студенттер бүгінде еліміздің элитасының қатарында. ҚазҰУ өзінің түлектерімен мақтанады. Биылғы оқу жылында ҚазҰУ-дан 5000 мыңға жуық жас түлеп шығады. Бүгінде 16 факультет бойынша кадрлар даярлайтын университет отандық және халықаралық білім кеңістігінің алдыңғы қатарында.

ҚазҰУ Түлектерінің күні ректор, академик Ғалым Мұтановтың бастамасымен 2011 жылдан бері аталып келеді. Биылғы салтанатты шарада түлектер, алдымен, ҚазҰУ қалашығындағы «Мәңгілік Ел» студенттер мен түлектердің Салатантты қақпасының алдында жиналды. Жиналған көпшілік «Тайқазан» және әл-Фараби алаңындағы «Мәңгілік Ел» субұрқақтарының ашылуына куә болды. Жылдағы дәстүр бойынша әл-Фараби ескерткіші мен академик Өмірбек Жолдасбековтің монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды. Салатанатты жиынның негізгі бөлімі Студенттер сарайында жалғасты. Ректор, академик Ғ.М. Мұтанов баяндама жасап, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы есеп берді. Өз құттықтауында ректор Ғалым Мұтанов: «Соңғы сегіз жылда қалыптасқан дәстүр бойынша мамырдың соңғы шуақты күндерінде қара шаңырақта бас қосып отырмыз. Түлектер күні өте маңызды мейрам, шоқтығы биік шара. Бүгін түлектеріміз алдыңғы аға буын түлектерімен бірдей деңгейде – ҚазҰУ түлектері ретінде бас қосып, сол кісілердей болуға үлгі-өнеге алатын үлкен шарада жиналып отырмыз. Халықаралық тәжірибеде, түлектерді университеттің дамуына мықты күш ретінде тартады. Сол негізде университетті дамытып, университет арқылы қоғамның, білім-ғылымның дамуына үлес қосады. Біз де сол үрдісті өз тәжірибемізге енгізіп, болашақты бірге қалауда сол дәстүрді қолға алып келеміз», — деп атап өтті.

Салтанатты шарада университеттің әр жылғы түлектері ҚазҰУ қалашығында ерікті жарналар есебінен «Мәңгілік Ел» архитектуралық кешенді стеласын тұрғызуға өздерінің қаржылай демеушіліктерін танытып, студенттерге шәкіртақылар ұсынды. Өмірде жолдарын тауып, мансап құруларына ҚазҰУ табалдырығында алған білімнің зор пайдасы тигенін атады. Мәселен, «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев: «елді-жерді аралап, халықаралық алаңдарда бой көрсету – университет білімінің ашқан даңғыл жолы» деп бағалады.

Өз кезегінде қарашаңырақ та әріптестік байланыс орнатып, төл университетінің дамуына қолдау танытып жүрген өз түлектеріне ҚазҰУ-дың мерекелік медалін табыс етіп, «Құрмет грамоталарын» ұсынды. Оқуда озат, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан қазұулық биылғы үздік бітірушілер де университет басшылығы тарапынан «Құрмет грамоталары» мен құнды сыйлықтарды иеленді. Беделді білім ордасынан алған ілім-білімге алғыстарын жеткізіп, «ҚазҰУ Түлегі» атағын биік ұстауға ант берді.

Сондай-ақ бағдарламада Альма-Матердің жетістіктері жайында фильм көрсетілді. Алматы қаласы симфониялық оркестрінің концерті ұсынылды.

Түстен кейін түлектермен кездесу факультеттерде жалғасты. ҚазҰУ Түлектерінің күні дәстүр бойынша әл-Фараби кітапханасындағы кешкі Балмен аяқталады.

Саягүл ӘЛІМБЕКОВА




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *