«Алаш арыстары және ашаршылық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

437

2018 жылғы 29 мамыр сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының конференц-залында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алаш арыстары және ашаршылық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

 Конференция жұмысына белгілі тарихшы ғалымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысады. Іс-шара барысында 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы баяндамалар жасалып, осы саланы зерттеуші тарихшы ғалымдардың пікірлері талқыланады.

 Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпарат үшін  байланыс телефондары +7 (702) 270-21-02 , +7 (747) 378-72-12, +7 (707) 144-47-01.

«Алаш арыстары және ашаршылық»  тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция

БАҒДАРЛАМАСЫ

Модератор «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымының докторы, профессор — Әбжанов Хангелді Махмұдұлы.

 

10.30 – 11.00

 

Қатысушыларды тіркеу.
11.00 – 11.05 Алматы қаласы Ішкі саясат басқармысының басшысы Сыдықов Нұрлан Ерболатұлының кіріспе сөзі.

 

11.05 – 11.10 Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Сейдуманов Жанат Тұрарұлының кіріспе сөзі.

 

 

11.10 – 11.15

Абай атындағы Қазақ Ұлттық  Педагогикалық университетінің оқытушысы, тарих ғылымының докторы,

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының  академигі Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлының «Алаш қайраткерлері және ұлт мүддесі» тақырыбындағы баяндамасы.

 

 

11.15 – 11.20

«Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымының докторы, профессоры Әбжанов Ханкелді Махмұдұлының «Қазақстанға депортацияланған халықтардың қасіреті» тақырыбындағы баяндамасы.

 

 

 

 

 

11.20 – 11.25

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология жəне этнология факультетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Талас Омарбековтың «Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы қуғын-сүргіндердің зерттелу мәселелері» тақырыбындағы баяндамасы.

 

11.25 – 11.30 Тарих ғылымының докторы, профессор Светлана Смағұлованың «Қазаққа рух берген «Оян, қазақ!» тақырыбындағы баяндамасы.

 

11.30 – 11.35 «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының бірінші орынбасары Бейбіт Қойшбаевтың «1930 жылдардағы ашаршылықтың себептері мен салдары» тақырыбындағы баяндамасы.

 

 

11.35 – 11.40

Қайым Мұхамедханов атындағы Білім мен Мәдениет орталығы қоғамдық қорының» директоры Дина Мұхамедханның «Әке мен бала: Мұхамедхан Сейітқұлов (1870-1937) пен Қайым Мұхамедханов (1916-2004) – Отан патриоттары» тақырыбындағы баяндамасы.

 

 

11.40 – 11.45

М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, фольклортану бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Бақытжан Әзібаеваның «Х.Досмұхамедұлы – фольклортанушы» тақырыбындағы баяндамасы.

 

 

11.45 – 11.50

Қазақстан Республикасы Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлының «Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихына шолу» тақырыбындағы баяндамасы.

 

11.50 – 12.05

 

Пікір алмасу
12.05 Кофе-брейк

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *