Нұрлан Нығматулин Қытайлық делегациямен кездесті

177

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Айлигенг Имингбахай бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси өзара іс-қимылды тереңдету, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени қатынасты күшейту жайы талқыланды. Кездесуде халықаралық және аймақтың маңызды мәселесі ортаға салынды.

Мәжіліс төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің салиқалы саясатының арқасында екі елдің жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейге жеткеніне де тоқталды.

Айлигенг Имингбахай  Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік сапармен келуін асыға күтіп отырғанын жеткізді. Сонымен бірге бұл сапарға Қытай елі айрықша маңыз беретінін айтты. Бұл сапар екі мемлекеттің қарым-қатынасына тың серпін беретіндігін айтты.

Бүгінде Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол» бағдарламасы мен КХР Төрағасының «Бір белдеу-бір жол» бастамасы нәтижесінде елдеріміз игілігіне бағытталған ортақ іс-қимыл жыл сайын табысты жалғасуда.

Кездесу барысында  парламентаралық байланысты дамытуға назар аударды.

Қос мемлекет парламенттерінің бірлескен конструктивті жұмысы біздің халықтарымыз қол жеткізген достық, татукөршілік ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ықпал етпек.

Дереккөз: baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *