Алматыда елді алдап жер сатқан алаяқ сотталды

148

Тұрғындарға  жер алып беруге  уәде етіп,  алаяқтық жасаған  Алматылық азаматтың ісі сотта қаралды. Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша кіналы айыбын мойнына алды.

Сотталушы 2017 жылдың тамызында таныстарының бірінің сеніміне кіріп, Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы 8 сотық жерді 600 мың теңгеге сатып алуға көндірген. Алайда, жердің ақшасын алған соң бірден ізін суытыпты.  Ол тағы 2017 жылы желтоқсанында  «Болашақ» бағдарламасы бойынша кезегін жылжытып беремін деп, бір танысының 950 мың теңгесін қалтасына басыпты. Алаяқ көп кешікпей компьютерлік клубта  біреумен танысып,  аталмыш 8 соттық жерді 500 мың теңгеге сатқан.

«Сот шешімімен сотталушы ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлімімен айыпты деп танылды. Ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп аудандық баспасөздің хабарламасы мәлімдеді.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *