Балалық шаққа саяхат

294

Балаларды қорғау күніне орай  еліміздің әр өңірінде түрлі спорттық іс-шаралар өтеді. Қазірден «Бақытты балалық шақ» атты республикалық акциясы басталды.

«Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы елордадағы балалар үйінің жеткіншектерін спорттық жаттығуға шақырды. Жасөспірімдерді қолдауға «Сарыарқа» велотрегі мен олимпиадалық даярлау орталығы да атсалысуда. Велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығы бұқаралық спортты қолдау және жасөспірімдер арасында спорттың салтанат құруына көңіл бөлді. Алдағы күндері балалар бақытты шақтың қызық сәттерін Есілдің жағасында еске алады.
«Біз негізгі үш күндік қатарынан келетін жоспарларымыз бар. Балаларды Есілдің жағасында катерде жүзгізу, арнайы автобуспен Астана қаласын аралату, осындай спорттық іс-шараларымыз да бар, бассейнге шомылдыру. Бүгін 40-қа жуық балалар үйінің жеткіншектері келіп қатысып отыр. Арнайы ас мәзірі бар, кішігірім сыйлықтарымыз бар»,-деді «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары Шыңғысхан Қожахметов.

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *