Бүгін еліміз өңірлерінде жаңбыр жаууы ықтимал

236

Бүгін еліміз өңірлерінде жауын-шашында ауа райы болады. Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес шығыста жаңбыр жауып, найзағай болады.

Ал оңтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Алайда кей  жерде тұман, шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерінде таңертең және күндіз шаңды дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында  тұман, дауыл, бұршақ болуы мүмкін, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарының кей жерінде жел күшейіп, бұршақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с соғады.

Алматы мен  Жамбыл облысының кей аумағында тұман түседі деп болжанды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *