Қазақстан футбол құрамасының бұрынғы бапкерін жанкүйерлер ұрып кетті

132

Одессалық «Черноморец» клубының жанкүйерлері футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Константин Фроловқа жұдырық жұмсады.

Жанжал Украина премьер-лигасының плей-офф кезеңінде «Полтава» мен «Черноморец» клубтарының арасындағы қарымта ойыны кезінде болған. Кездесу барысында одессалық клуб 0:3 есебімен қарсылас командадан жеңіліп қалған.

Бірінші ойында Константин Фроловтың шәкірттері «Полтава» клубын 1:0 есебімен жеңген. Алайда соңғы жеңілістен кейін одессалық клуб Украина премьер-лигасынан шығып, бірінші лигаға түсіп қалды.

Осыдан кейін одессалық жанкүйерлер ашуланып, «Черноморец» клубының жаттықтырушысына шабуыл жасайды. Тіпті олар Константин Фроловтың басынан бірнеше рет ұрған. Соққы салдарынан жаттықтырушының сол жақ көзінде гематома пайда болып, ол стадионнан кетуге асыққан.

Дереккөз: baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *