Ашық аспан астында «Айман-Шолпан» спектаклі қойылды

320

Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры алғаш рет ашық аспан астында спектакль қойды. Мәдени шара қала күні қарсаңында жүрілді. Театр труппасы Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясын сахналады.

«Қазақ халқына мың алғыс» стелласы жанындағы жаңа алаңға халық көп жиналды. Драма театр бұл шығарманы алғаш рет 1997 жылы қойған еді. Содан бері актерлер құрамы бірнеше рет жаңартылды.

«Ашық аспан астында бірінші рет қойғалы отырмыз. Біздің құрам жаңа, актерлердің бәрі жаңартылған құрамда. Бұл енді қазағымыздың этникалық стилінде қойылған. Ішінде биіміз де бар, күйіміз да бар, қазақтың айтысы да бар. Әрине, далада ойнау қиын. Дауыс жеткізу дейді»,-дейді театр режиссері Құсайынова.

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *