Астана банкінің лицензиясы тоқтатылды

114

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының №89 қаулысымен 2018 жылғы 29 мамырдан бастап 29 тамызға дейін «Астана Банкі» АҚ-тың лицензиясы тоқтатылды. Тиісті заңнама талаптарының бұзушылығына қадағалаушылық реттеу шеңберінде және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағы в) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы үшін қабылдады. Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.

Дереккөз: baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *