Эксимбанк Қазақстанның лицензиясы тоқтатылды

136

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 мамырдағы №91 қаулысымен 2018 жылғы 29 мамырдан бастап «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензиясының қолданылуы қоса алғанда 2018 жылғы 29 тамызға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрды.

Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының г) және з) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша пруденциялық нормативтер мен нормативтік құқықтық актілерді жүйелі (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан да көп рет) бұзғаны үшін Банктің банк заңнамасының талаптарын жекелеген бұзушылықтарға қадағалап ден қою шеңберінде қабылдады.

Лицензия жеке тұлғалардың жаңа депозиттерін тартуға және жаңа банк шоттарын ашуға тоқтатыла тұрды және Банктің қолданыстағы депозиттеріне және клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысты емес.

2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банктің жеке тұлғалардың қабылданған депозиттерінің көлемі 267 млн теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғаларының депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесінің жеке тұлғалары депозиттерінің жиынтық көлемінен 0,003%-ды құрайды.

Дереккөз: baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *