Жыл басынан бері елімізде 8 адам менингит жұқпасынан жан тапсырды

173

Елімізде жыл басынан бері 8 адам менингит жұқпасынан көз жұмды.  Бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның бас санитар дәрігері  Жандарбек Бекшин кезінде дәрігерге қаралмағандығының салдары екенін  түсіндірді.

Соңғы 5 айда 62 қазақстандық менингококк инфекциясын жұқтырған. Оның жартысы Алматыда анықталды. Астана мен Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жұқпалы дертке шалдыққандар тіркелді. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, аурудың таралу деңгейі аса қауіпті емес. Сондықтан жаппай вакцина жасалмайды. Алайда аурудан сақтану үшін ақылы түрде преперат қабылдауға болады. Оның құны 20 мыңнан теңгеден асады.

«Қазіргі таңда медициналық кезеңдерде профилактикалық мәселелер енгізілген. Жедел станция машиналарында менингококкқа қарсы қалаумен жабдықталған. Алматы қаласында ең үздік дәрігер-эпедемиологтарды бір тобын жібердік. Олар Алматыда жұмыс жасап жатыр. Сау адамдарды емдеу, қарым-қатынаста болған азаматтар арасында ауру адамдарды анықтау»,-деп мәлімдеме жасады Жандарбек Бекшин.
Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *