Криштиану Роналдудың қай клубқа ауысатыны белгілі болды

253

Мадридтік «Реалдың» және футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду франциялық «Пари Сен-Жерменге» ауысады.

Sapo Desporto сайтының хабарлауынша, футболшының агенті Жорже Мендеш франциялық клуб өкілдерімен кездесіп, клиентінің ауысуы туралы келісуге Парижге келген. Бұған дейін Роналдудың өзі Чемпиондар лигасының финалында «Ливерпульді» жеңгеннен кейін «Реалдан» кетуі мүмкін екені туралы айтқан.

«Болашақ туралы кейін айтамыз. Маған «Реалда» ойнау ұнады, ал жауабын жақын күндері беремін», — деді футболшы.

Испаниялық AS басылымының ақпаратына сүйенсек, Роналдуға жаңа шарттар ұнамағандықтан клубтан шығуды жөн көрген. Сонымен қатар, ол «Реал» ПСЖ-ның шабуылшысы Неймарға назар аударғандықтан да ашуланды.

Роналду бесінші «Алтын добын» алған кезде мадридтік клубтың президенті Флорентино Перестің бразилиялық спортшының ойынын мақтағанына да көңіл-күйі түсті.

Еске сала кетсек, Роналду англиялық «Манчестер Юнайтедтен» «Реалға» 2009 жылы ауысқан. Ол корольдік клубтың құрамында екі рет Испания чемпионы болды және төрт рет Чемпиондар лигасында жеңіске жетті.

Дереккөз: Baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *