Байқоңыр ғарыш айлағы азаматтық нысан болады

435

Зымыран-ғарыштық саладағы дереккөздің хабарлауынша, әскери салада жұмыс істемейтін барлық әскери қызметшіге азаматтық маман ретінде жұмыс істеу үшін қызметке қайтып келу немесе жұмыстан шығу ұсынылған. Олардың жұмысы әскерилерге қарағанда арзандау түседі.

Бұдан басқа, Жерүсті ғарыштық нысандарды пайдалану орталығын (ЖҒНПО) Федералды мемлекеттік біртұтас кәсіпорыннан акционерлік қоғам қылып ауыстыру жоспарланып отыр. Мұндай өзгеріс коммерциялық операцияларды орындауға қолайлы. Қазір ғарыш айлағында 100-ден астан әскери қызметші жұмыс істейді. Қызметкерлердің санын қысқарту көзделмейді.

Соңғы үш жылда нысандағы персоналдың саны 1,5 мың адамға қысқарды және екі жыл ішінде тағы екі мынға дейін азайып қалуы мүмкін.

РФ Қорғаныс министрлігі әскери персонал санын қысқарту жоспарын растады. Ал Жерүсті ғарыштық нысандарды пайдалану орталығы қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *