Жадыны жақсартатын қондырымдар қолданыста

133

Адамзат ми қызметін зерттеу барысында ми белсенділігін жасанды түрде арттыратын тәсілді табуға тырысуда. Ғылым қарқынды дамыған сайын бұл ойдың жүзеге асуы  да әбден мүмкін. Мысалы жуырда аяқталған жоба адам жадысын жасанды жолмен жақсартуға болатынын көрсетті. Жобаны америкалық DARPA басқармасы қаржыландырған.

Journal of Neural Engineering басылымы жазғандай, зерттеуге эпилепсия дертінің салдарынан есте сақтау қабілетінен айырылған 15 адам қатысқан. Әр қатысушының миына есте сақтау үдерісінің барысында мида болатын өгерістерді бақылайтын кішігірім нейроимпланттар қондырылған. Сынақтамалар қарапайым болған: адамдарға суреттегі бейнеге қарап, шамалы үзілістен кейін бейнені басқа төрт суреттің арасынан тану керек болған. Бұл уақытта ғалымдар жадының қалыптасуына  көбірек қатысқан ми аумағын анықтау үшін ми белсенділігін белгілеген. Зерттеудің екінші сатысында сыналатындарға суреттерді көрсетіп, төрт суреттің арасынан табуды ұсынған. Бірақ бұл жолы мидың бұған дейін анықталған аймақтарына нейроқондырғылар әсер еткен.Нәтижесінде қатысушылардың қысқа мерзімді  жадысы 37%-ға, ал ұзақ мерзімді жадысы 35%.-ға жақсарған. Жоба басшысы Роберт Хэмпсон атап өткендей, бұл есте сақтау қабілетінен айрылғандарды емдеп-жазудағы  маңызды қадам болып табылады. Алайда үміт ұялатқан нәтижелерге қарамастан, технологияның түпкілікті табысы туралы бұдан ауқымды зерттеулерден кейін ғана айтуға болады. Өйткені 15 адамнан құралған топ статистика тұрғысынан жеткіліксіз. Дегенмен зерттеуге қатысқандардың есте сақтау қабілетінің жақсаруы сенім ұялатады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *