Грузияда «Асауға тұсау» қойылады

79

Жастар театры 5-14 маусым аралығында Грузия мемлекетінің Гори қаласында өтетін Халықаралық комедия фестиваліне қатысады. Бұған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетті. Театр артистері фестивальде У.Шекспирдің «Асауға тұсау» қойылымын сахналайды. Спектакльдің қоюшы режиссері Нұрқанат Жақыпбайдың дерегінше, халықаралық комедиялық театр фестиваліне қазақстандық театр алғаш қатысады. 6 маусымда Гори қаласының уақыты бойынша сағат 20.00-де «Асауға тұсау» спектаклі грузиялықтардың көзайымына айналмақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *