Кофеханада болған оқиға көптің ашуын келтірді

193

Кеше АҚШ-та  «Старбакс» компаниясының 8000 жуық кофехана филиалы  бірден жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Аталмыш компанияның  175 мың қызметкері араларында нәсілге бөлініп, жиі жанжал шығарыпты.  Олар  тіпті ел ішінде жік шығарып, қара нәсілділерге тіл тигізді. Мамыр айында Старбакстың Филаделфиадағы филиалында қара нәсілді екі азаматты қорланғаны айтылады. Көп кешікпей табысы мол кофехананың  даулы мәселесі дүйім жұртқа әшкере болды. Аталмыш компанияның иесі Ховард Шульд қызметкерлердің жіберген ағаттығы екенін айтып, екі қара баладан кешірім сұраған еді. Әйткенмен келеңсіз оқиға әлеумет талқысына түсіп, адамдардың ашуын келтірді. Ақырында компания қызмет көрсету құқығынан айырылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *