Майра Мұхамедқызы: Неге орысша сөйлейді айналамның бәрі?

554

Опер әншісі Майра Мұқамедқызы қызының келешегіне алаңдайды. Әншінің отбасы  түгел қазақша сөйлейді. Сондықтан орыс тілін білсе де кейде тілі жетпей қалатын кездер болатынын айтады.

«Астананың ең беделді бір емxанасына бардым. Дәрігермен қазақша сәлемдесіп жанына жайғасып отырдым!

Д: Немен келдіңіз?

М: Көлікпен!

Д: Нет! Я имею в виду что Вас беспокоит?

М: Горла болеть! деп орысша сұрағасын менде орысша жауап бердім.

Д: Қазақша сөйлей беріңіз! Я Қазақша понимаю!

М: (О, Қазақша білетін дәрігерге жолыққаным-ай! деп іштей қуанып қалдым)

М: Тамағым қатты аурып ісіп кетті. еш нәрсе жұтқызбайды. Жүрегім айнып тұр дедім.

Д: А! Жүрек? это-Сердце! У Вас сердце болеть?

М: Жо,Жоқ! жүрегім ауырмайды! жүрегім айнып тұр (тошнит) деген сөз дереу есіме түссеші! артқа бұрылып қарасам есікте бір қазақ аға өз #очередь күтіп тұр екен. Содан сұрадым. Тошнит деді.

М: Мне тошнит! дедім қайтадан бұрылып дәрігерге!

Д: А понятно! Тошнит? Значит, Вы беременно?

М: (Құдай-ау! Қазақ болғаныңнан айналдым! ) тамағым сөйлесем одан арман ауырып барады.

До свиданья! деп орнымнан тұрдымда шығып барам есіктен!

Д: Женшина!!Девушка!! Куда Вы? Вы же болейте!! Странно !деп артымда даусы саңқылдап қала берді»

Елімізде ана тілі әлі кенже сезіледі. Әнші өзінің орысша түсіндіре алмаған кездеріне қынжылатын көрінеді. Болашақта қызы да өз елінде орысша білмей қинала ма деп алаңдайды.

«Айтайын дегенім, қызымның келешегіне алаңдаймын! Мен сияқты орысша білмей өз елінде қиналып қалама? Жоқ, Қазақстан деген елдің азаматы ретінде, өз ана тілін оқыса жақсы болар еді! Келешек қалай болады? Ертең қандай болмақ тіліміз?»-деп инстаграмда жариялады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *