Ақтөбеде орамал таққан мектеп оқушылары келесі сыныпқа көшпейді

401

Ақтөбе облысында орамал таққан мектеп оқушылары келесі сыныпқа көшпейтін болды. Бұл туралы Ақтөбе білім басқармасы мәлімдеді. Ақтөбе мен Шалқар қаласының орта мектептерінде оқитын орамалды 6 қыз былтырғы қазаннан бастап сабаққа қатыспаған.

«Олардың кейбірінің сабақ үлгерімі өте жақсы еді. Олар ұзақ уақыт бойы сабаққа қатыспағандықтан, келесі жылға көшірілмейді. Ата-аналары қыздарына мектеп формасын кидіруден бас тартқан, бірақ біз олардың көбін фектеп формасын киюге көндірдік. Мектеп формасын киюден бас тартқаноқушы қыздардың саны облыс бойынша 340 болған, қазір олардың саны алтау ғана. Алты оқушыдан басқасы сабақты үй жағдайында оқыған. Олардың оқы бағдарламасын қаншалықты меңгергенін тексеріп, келесі сыныпқа көшірдік. Ал қалғаны 20 маусымда аттестациядан өтулеріне болады. Егер өтпеген жағдайда, мектеп бағдарламасын меңгермегендері үшін келесі сыныпқа көше алмай қалады», — дейді облыстық білім беру басқармасының мамандары.

Дереккөз: baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *