Тұрсынбек Қабатов жаңа театрға жетекшілік етеді

153

Елордада жаңа сатира және әзіл театры ашылады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев айтты.

«Елорданың мәдени өміріндегі тағы бір маңызды жаңалық ЭКСПО көрме кешенінің «Энергия холл» ғимаратында жаңа сатира және әзіл театрының ашылуы болмақ. Аталған театрдың көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Қабатов болады», – деді.

Брифингте қала басшысы Астанадағы бірнеше мәдени нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталғанын мәлім етті.

«Елбасының тапсырмасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласында қазақ драма театрының жаңа ғимараты бой көтеруде. Қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігімен бірге осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек қасиетті орындарды сақтау мақсатында бірқатар тарихи-мәдени орынға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», – дейді Астана әкімі.

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *