Бактериялар мен вирустардан құтылу мүмкін емес

96

Калифорниялық университеттің ғалымдары бактериялар мен вирустардан құтылудың мүмкін еместігін айтты.

Біз қанша жерден жеке басымыздың тазалығына мән беріп, үнемі жуынсақ та, денеміздің әр бөлігі түрлі микроағзаларға: бактерияларға, вирустарға, археялар мен саңырауқұлақтарға  бүркеліп тұрады. Калифорниядағы  Сан-Диего университетінің ғалымдары мен олардың Макс Планк институтындағы әріптестері адамның 43 %-ға жасушалардан тұратыны, ал қалған бөлігін түрлі микроағзалардың құрайтыны туралы қорытынды жасады.

Ағзадағы микробтар

Профессор Роб Найтли адам ағзасындағы микробтардың адамның өзіне қарағанда едәуір көп бөлігін құрайтынын айтады. «Біздің әрқайсысымыз микробтардың жиынтығы болып табыламыз» дейді ол.

Ал микробиолог Сарки Мазманян «Адам ДНҚ мен асқазан микробтары ДНҚ-сының жиынтығы» деген сенімде.

Микробтардың өзара әрекеттесуі ағзаны өмірге маңызды дәрумендермен қамтамасыз етеді.

Екпелер мен антибиотиктердің жетілдірілуі адамзаттың шешек  ауруын жеңіп, туберкулез дертін тоқтатуына  жағдай жасады. Алайда зиянды бактериялармен «күрес» кезінде ғалымдар пайдалы микроағзаларды да жойып жіберіп, адамдарда иммундық жүйедегі ақаулар мен жазылуы қиын, жаңа аурулар тобы пайда болды.

Адам ағзасындағы бактериялар туралы деректер:

Біздің ағзамыздағы бактериялар саны жасушалар санынан 10 есе артық.

Нәресте дүниеге бактерияларсыз келгенімен, алдағы үш жылда оның микробиомы толығымен қалыптасады.

Бактериялардың бір бөлігі ағзаға зиянын тигізсе, екіншілері – пайдалы. Олардың зиянды не пайдалы болуы адам денсаулығының күйіне байланысты.

Бактериялар антибиотиктердің әсеріне бейімделіп, мутациялауға ұшырауы мүмкін. Бұл адам денсаулығына қауіпті.

Зиянды тағам адам салмағына ғана емес, асқорыту жолындағы микробтарға да әсер етеді.

Адам ағзасындағы микробтар саны шын мәнінде, өлшеусіз.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *