Д.Назарбаева Словения Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті

46

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Словения Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Изток Мирошичпен кездесті, — деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.

И. Мирошич Астанада аяқталған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қорытындылары, білім беру, кибер қауіпсіздік және басқа салалар бойынша қол жеткен келісімдер туралы әңгімеледі. «Біз бұдан былайғы нәтижелі ынтымақтастық үшін берік құқықтық негіздерді қалыптастырғымыз келеді», — деді ол.

Словения СІМ Мемлекеттік хатшысы өз еліндегі ішкі саяси және экономикалық жағдай туралы сенаторды хабардар етіп, биыл Словенияның экономикалық өсімі 5 пайызды құрағанын атап өтті. Бұл көрсеткіш бойынша ол ел Еуропалық Одақта екінші орын алады екен. Словения инновация, телекоммуникация, ақпарат салалары мен блокчейн технология негізіндегі үздік стартап жөніндегі тәжірибелерімен бөлісуге әзір.

Д.Назарбаева Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты жаңа мүмкіндіктер туралы айта келіп, словениялық әріптестерге Қазақстанда ЕАЭО нарықтары мен Орталық Азия және Қытайға шығатын жоғары технологиялық бірлескен кәсіпорындар құруды ұсынды.

Словения Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі Сенат комитетінің жетекшісі Д.Назарбаева парламентаралық үнқатысуды нығайту қажеттігін атап өтті және словениялық әріптестерді Қазақстанға сапарлап келуге шақырды.

Тараптар туристік саладағы ынтымақтастықтың келешегін де талқылады. Словения азаматтары үшін «Silk viza» енгізілуіне байланысты Орталық Азияда жаңа туристік бағдарлар ашылатын болады, «Silk viza» туралы Д.Назарбаева бұрнағы күні өзбек әріптестермен кездесуде айтқан болатын. Қазақстан азаматтары үшін Словенияда кеңінен қанат жайған велосипед туризмін дамыту тәжірибесі қызықты болары сөзсіз.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *