Ұлттық бюро үлкен бір топтың ұсталғанын мәлімдеді

3

6 маусымда мемлекеттік сыңайлы компаниялардың бір топ «үлкен бастықтарының» арасында қамауға алу шаралары жүргізілді. Бұл туралы баспасөз конференциясында Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің бастығы Шыңғыс Қабдолла мәлімдеді.

«Бүгін мемлекеттік сыңайлы сектордағы үлкен басшыларды қамауға алдық, алдын ала ештеме демеймін. Жақын күндері бұл туралы БАҚ-қа ақпарат берілетін болады», — деді Шыңғыс Қабдолла

Оның айтуынша, басшылар ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталған. Алайда ол тергеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатқанына байланысты қамауға алынғандардың есімін жариялаудан бас тартты.

Ұлттық бюроның мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың бес айында Астанада 123 жемқорлық қылмысы тіркелген. Бүгінде олар бойынша 32 тұлға жауапкершілікке тартылуда. Оның ішінде 15 мемлекеттік органдардың басшылары, тіпті республикалық маңыздаға орган басшылары да бар.

«Бес айдың ішінде біздің департамент мемлекетке 4 млрд теңге көлемінде шығын келтірілгенін анықтады. Бүгінде бұл шығын толығымен өтелді», — деп түйіндеді ол.

Дереккөз: baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *