Шағын кәсіпорындар жабылып жатыр

302

Осы жылдың қаңтар-наурызында отандық шағын бизнес саласында 3,7 мың кәсіпорын жабылған. Бұл 2017 жылдың салыстырмалы кезеңінен (1,5 мың) 2,5 есе көп. Өз қызметтерін негізінен шаруашылық серіктестіктері доғарады екен, бір жылда бұлардың саны 1,9 мыңға азайған, деп хабарлайды finprom.kz сайтынан (1-инфографика).

Аймақтарға шаққандағы 2018 жыл­дың 1-тоқсанындағы шағын бизнестен шығудың неғұрлым көбі Алматыда тіркелген – осыдан бір бұрынғы 324-тен 1,7 мыңға жеткен. Одан кей­інгі орында ОҚО – бір жыл бұрын 124 болса, биыл 290 шағын кәсіпорын жоюға ұшыраған.
Жайсыз «жеңімпаздардың» үшті­гін ШҚО түйіндейді – 2018 жылдың қаңтар-наурызында 236 шағын заңдық тұлға жойылған (2017 жылдың қаңтар-наурызы – 147 компания). Сондай-ақ Астанада да жой­ыл­ған шағын кәсіп­орындар саны өсіп кеткен – олар­дың саны 213-ке азайғанымен, бұл бір жыл бұрын­ғыдан, 30 жойылған кәсіп­орынға артық.
Жойылған шағын заңдық тұлға­лар саны тек Атырау облысында ғана азайған – бір жыл бұрынғы 40-тың орнына 31 компания (2-инфографика).


Шағын заңдық тұлғалардың негізгі жойылуы көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдер жөндеу буындарында шоғырланған – 1,4 мың (38,4%). Одан әрі құрылыста – 290 компания (7,9%).
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет салаларында және өңдеуші өнеркәсіпте жойылған шағын кәсіп­орындар саны тиісінше 262 және 252 (салыстырмалы ауқымы – 7,2% және 6,9%) құраған.
Жоғарыда аталған соңғы бес құрылымның үлесі – 66,1% немесе жойылған шағын кәсіпорындардың 2,4 мыңы (3-инфографика).


Жойылып үлгерген шағын заңдық тұлғалардан өзге, 4,8 мың шағын кә­сіпкерлікпен айналысатын тұлғалар (бір жыл бұрын – 4,3 мың) жойылу үдерісі үстінде.
Шағын бизнестен шыққалы жат­қан іскерлердің саны жағынан басым көпшілігі Алматыда шоғырланыпты – 825-і. Алайда, соңғы жылда олардың саны азайған, өйткені бір жыл жыл бұрын 929 шағын заңдық тұлға жойылу үдерісі үстінде болған екен.
Қостанай облысында, керісінше, шағын кәсіпкерлік қызметінен бас тар­тқысы келетіндер саны өсіп келеді – бір жыл бұрынғы 670-ке қара­ғанда 727 компания. Жағымсыз ТОП-3 «үздіктерді» Қарағанды облысы қо­ры­тындылаған – 513 шағын кәсіп­орындар жойылуын күтуде, бір жыл бұрын олардың саны 670 болған екен (4-инфографика).


Өздеріңіз аңғарғандай, шағын кә­­сіп­керлік саласы шын мәнінде аса күрделі жағдайда күй кешуде. Бұл, әрине, шұғыл шешімін күткен мәсе­ле екені даусыз. Жалпы бизнес мәселесін таяуда ғана Алматыда өткен алқалы жиында – CFO Summit 2018 – Қазақстандағы қаржылық жүйе дамуының келе­шегін, соңғы өзгерістер мен көрсет­кіш­тердің құбы­лу үдерісін және жа­ңа­шылдықты, сон­дай-ақ еліміз эко­номикасының басқа да келелі мә­се­лелерін зерделеді.

Исатай ҚАМБАРОВ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *