Нұрсұлтан Назарбаев Қытай парламенті төрағасымен кездесті

201

Нұрсұлтан Назарбаев Ли Кэцянді Қытай Мемлекеттік кеңесінің Премьері лауазымына тағайындалуымен және Қытай Халық Республикасы Компартиясының ХІХ съезінің табысты өтуімен құттықтады

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы саяси және экономикалық әріптестіктің жаңа деңгейге көтерілгеніне тоқталып, оның өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болуға тиіс екенін айтты.

– Мен Сіздің 2014 жылғы желтоқсан айында Қазақстанға келген сапарыңызды ойыма алып отырмын. Сол кезде Сіз елдеріміз арасындағы бірлескен индустриалды-инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін өте қызықты әрі батыл  идеялар ұсындыңыз. Осы бастаманың арқасында Сізбен бірге жалпы көлемі 28 миллиард долларды құрайтын 51 жобаға қол қойдық. Солардың 11-і жүзеге асырылып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Соңында тараптар энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *