Қазақстанда «Отандастар» қоры жұмысын бастады

155

Президенттің шетелдегі қазақтарды қолдау бойынша берілген тапсырмалары негізінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жанынан «Отандастар» қоры құрылды.

«Отандастар» қоры шетелдегі және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдау мақсатында құрылған. Қор Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады.

Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында Президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелде тұрып жатқан отандастарымызға қолдау білдіру қажеттігін  атап өткен болатын. Елбасының осы тапсырмасы бойынша «Отандастар» қоры жұмысын бастады. Оның  негізгі міндеттері — шетелдегі және елімізге оралған қандастарымызға мәдени, білім беру және құқықтық салаларда қолдау көрсету.

Қор акционерлерінің жиналысы барысында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков қордың Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ал қор президенті саяси және қоғам қайраткері Нұртай Әбіқаев болды.

Дереккөз: Қазақпарат




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *