Италияда Еуропанын ең көне ағашы табылды

138

Ағаш 12 ғасыр өтсе де өсуін жалғастыруда. Тоскан университетінің Джанлука Пиовезан жетекшілік ететін бір топ ғалымдары италиялық Поллино ұлттық саябағында өсетін қарағайдың Еуропадағы ең көне ағаш екендігін анықтады. Олардың мәліметтері бойынша, ағашқа 1230 жыл болған, яғни ол әйгілі Пизан мұнарасынан бір жарым есе көне. Ғалымдар Италус атаған ағаш Гельдрейх қарағайы болып табылады. Бұған дейін көне атанған басқа ағаш та қарағай болған, оның жасы 1075 жылды құраған. «Италусты»  зерттеу барысында ғалымдар ағаш өскіні сегізінші ғасырда жер бетіне шыққанын анықтады. Ағаштың тамыр жүйесін зерттей келе, биологтар мұны біздің заманымыздың  788 жылы болған деп қорытынды жасады. Мыңдаған жылдар бойы жер бетінде болған құрғақшылық пен аптап ыстықтарға қарамастан, ағаш  бүгінгі күнге дейін жетіп, өсуін жалғастырауда. Мамандардың пікірінше, ағаштың ұзақ жасауының себебі оның қолайлы, яғни ауасы салқын  жерде өсуінде. Ағаштың орта бөлігі бөлініп қалғанымен, сыртқы сақиналары мен тамырлары бұрынғы қалпын жақсы сақтаған. Ғалымдар зерттеу қорытындысын Ecology ғылыми журналында жариялады.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *