«Алматы Халықаралық әуежайына» жаңа президент тағайындалды

86

«Алматы  халықаралық әуежайы» АҚ Президенті Айбол Бекмұхамбетов өз қызметінен кеткені жайлы  әуежайдың Фейсбуктегі парақшасында жарияланған болатын.

«Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2018 жылдың 11 маусымынан Айбол Бекмұхамбетов «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті  қызметінен өз еркімен кетті», — делінген  хабарламада.

Алматы әуежайын басқаруға ендігі кезекте жаңа басшы келді.   Осы уақытқа дейін «Алматы  халықаралық әуежайы» АҚ тасымалдауды ұйымдастыру бойынша атқарушы директор қызметін атқарып келген Болат Ержанов аталған мекеменің Президенті қызметіне тағайындалды. Ол 1966 жылы Павлодар облысында туған. Омбы қаласындағы Азаматтық авиация ұшқыштар техникалық училищесін бітірген. Еңбек жолын Павлодардағы Қазақ азаматтық авиация басқармасында бастаған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *