Елімізде жайылым жер жетіспейді

92

Еліміздегі 3218 ауылдық елді мекеннің шекарасы картада бекітілмеген.
Соның салдарынан жергілікті әкімдер заңсыз әрекеттерге барып, ауыл айналасындағы жайылымдарды жекенің қолына сатып жіберген. Бұл қолында малы бар шаруаларды жерсіз қалдырды. Енді бүгінде Қазақстанда 24 миллион гектар жайылым жер жетіспейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселені елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару арқылы шешуді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін министрдің орынбасары Ерлан Нысанбаев сенаторлармен кездесуде мәлімдеді.
Қазір қолданыста 75 миллион гектар жайылымдық жер бар. «Алайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы телімдерді тиімді игеру мәселесі ақсап тұр», – дейді сала мамандары. Мысалы, өткен жылы 2 миллион 100 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. «Қазір Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында жалпы алғанда 1 миллион 700 мың гектар жер пайдаланылмай жатыр», – дейді ауылшаруашылық мамандары.
Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *