Алматыда әйелдер қауымына еліміздің діни ұстанымдары түсіндірілді

1

Алматыда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің діни мәселелер жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшылары әйелдер арасында діни мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Онда діндердің рухани және моральдық компоненттері, әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесі, қазіргі қоғамдағы аналар, деструктивті діни бірлестіктерге қарсы тұру мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек сарапшылар дәстүрлі исламның нормаларын түсіндірді және соңғы уақытта еліміздегі өзекті болып отырған радикалды ағымдардың зияны туралы айтылды.

Сондай-ақ, діни саланы реттейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қозғалды.

Жалпы алғанда, халықтың діни сауаттылығын арттыру үшін ұйымдастырылған шараға мемлекеттік орган өкілдері, діни қызметкерлер, қайырымдылық мекемелерінің оқушылары, студенттер, сауда үйлеріндегі жұмысшы әйелдер қатысты.

Сонымен қатар, жат ағымдардың жетегінде кеткен әйелдерге жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, діни және психологиялық кеңес берілді.

 

Дереккөз: baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *