ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі тағайындалды

326

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне Қазақстанның тұңғыш әйел генералы Сәуле Айтпаева тағайындалды. 

 Сәуле Мұханбедианқызына генерал атағын 2013 жылы Отан Қорғаушылар күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев табыс еткен болатын.

Сәуле Айтпаева 1960 жылдың 22 мамырында Торғай облысы Жақсы кентінде туған. Свердлов заңгерлік институтын бітіргген. Еңбек жолы Ақмола облысы Целиноград қаласы Ленин ауданының прокуратурасында басталған. Одан кейін ол Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығында қызмет етеді. 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есеп және құқықтық статистика бойынша Комитет төрағасының бірінші орынбасарлығына тағайындалады. 2017 жылдың шілдесінен — ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенатының конституциялық заңдылық, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі.  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, «Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері» атағына ие болған.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *