Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше заңға қол қойды

61

Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық деңгейдегі түрлі салаларға қатысты бірнеше заңға қол қойды.

«Мемлекет басшысы «1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Казақстан Республикасының Заңына қол қойды» — делінген Ақорданың хабарламасында.

Сонымен қатар, Президент «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Орта білім беруді жаңгырту жобасы) ратификациялау туралы» Казақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Казақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Дереккөз: baq.kz

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *