Грузиялық Автандил Абесламидзе «Voice of Astana» жеңімпазы атанды

55

2018 жылдың 15-16 маусымы аралығында Астана қаласында еліміздің астанасының 20 жылдығына орай «Voice of Astana» I Халықаралық байқауы өтті, — деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан астанасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге арналған осы іс-шараны Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.

Тәуелсіз Қзақстанның брендіне айналған еліміздің мақтанышы – Астана қаласына әлемнің музыка қауымдастығының назарын аудару мақсатында, халықаралық деңгейдегі эстрада орындаушыларының байқауын өткізу туралы шешім қабылданды.

Байқауға қатысу сұранысын қабылдау 25 мамырда аяқталды. Әлемнің 20-дан астам мемлекетінен түрлі жанрдағы 500 орындаушы осы аламанға қатысуға ниет білдірді. Іріктеудің нәтижесінде Ресей, Қазақстан, Әзірбайджан, Грузия, Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Украина, Болгария, Эстония, Қырғызстан, Қытай, Үндістан, Монғолия, Түркия, Татарстан, Израиль, Армения, Өзбекстан мемлекеттерінен келген 20 қатысушы жартылай финалда өз өнерлерін көрсетті.

15 маусымда өткен жартылай финалда конкурсанттар осы шараға арнайы жазылған Қазақстан астанасы туралы әндер орындауы тиіс болды, ал 16 маусымда өткен финалда қатысушылар өз репертуарынан ән шырқады. Вокалистерге орындау шеберлігі мен артистизм жағынан баға берілді. Байқаудың әділ қазылар алқасының құрамына ҚР-ның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Байғали Серкебаев, РФ-ның еңбек сіңірген артисті Валерий Меладзе, 31 арнаның бас директоры Бағдат Қоджахметов, халықаралық «Евровидение» және балалар «Евровидение» байқаулары басқармасының мүшесі Никола Калигиоре, сондай-ақ Discover Silk Road Star-дың бас директоры Автандил Гвасалия кірді.

Сонымен, жартылай финал және финал кезеңдерінің нәтижелерінің негізінде «Voice of Astana» 1 Халықаралық эстрадалық орындаушылар байқауының келесі жеңімпаздары анықталды:

Гран-при және байқау дипломанты атағын Грузиядан келген қатысушы Автандил Абесламидзе жеңіп алды. І орын мен байқаудың лауреаты атағы «Golstone» мен Бердібек Құлғараевқа берілді. ІІ орын мен Байқау лауреаты атағын конкурсант Лин Бао (Қытай) мен Татьяна Доканина (Украина) иеленді. Сонымен қатысушылардың жүлделі орындарының қатарын Әзірбайжаннан келген қатысушы Ильхам Назаров аяқтайды. Ол ІІІ орын мен Байқау лауреаты атағын жеңіп алды. Сонымен қатар жеңімпаздарға ақшалай сылықтар табысталды.

Фестиваль аясында 15 маусым күні қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары қатысқан Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған үлкен концерт өтті. Фестиваль аяқталған, 16 маусым, күні Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Байғали Серкебаевтың шығармашылық кеші болып өтті. Бұл концертке Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Алексей Чумаков, Юлианна Караулова, Элина Чага, «A-Studio» тобы, Роза Рымбаева, Карина Абдуллина, Мейрамбек Беспаев, JCS тобы, Айқын, Жұбаныш Жексенұлы, Ділназ Ахмадиева, Әли Оқапов, Динара Сұлтан, Марсель, Динайя, Лидо, The Jigits, ағайынды Жүгүнүсовтер, Vox Acapella қатысты.

Кеш қонақтарының ішінде Халықаралық «Евровидение» байқауында ІІ жүлделі орынға ие болған болгар әнші Кристиан Костов болды. Альбомдары мен синглдары платина мәртебесін иеленген әйгілі америкалық поп-әнші Анастейшаның көрсеткен 40 минуттық өнері фестивальдің сәні мен ұйымдастырушылар тарапынан жасалған тосынсый болды.

Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша байқау жыл сайын өткізілетін болады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *