ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстандағы Жапония Елшісін қабылдады

43

Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстандағы Жапония елшісі Ичиро Кавабатамен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша әңгімелесті, — деп хабарлайды ҚР Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Жапон елі өкілдерінің Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі жұмысына белсенді әрі ұдайы қатысуына алғыс білдірді.

Дархан Кәлетаев Жапония Елшісін 19-20 қазан күндері Астанада өтетін «Жастарға арналған инвестиция» Халықаралық конференциясына қатысуға шақырды.

Айта кетейік, аталған конференцияны өткізу бастамасы Министрлік басшылығының Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентарийлердің Азиялық Форумының төрағасы, Жапония Парламенті кеңесшілер палатасының депутаты Кейдзо Такемимен кездесуі барысында келісілген еді.

Аталған бастаманы жоғары бағалай отырып, Ичиро Кавабата Халықаралық конференцияны өткізуге барынша қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Кездесу соңында тараптар өзара мүдделі бағыттар бойынша екі жақты ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *