Ұлттық код және санамыздың жаңғыруы

46

«Өзім білім саласында еңбек етіп келе жатқан азамат ретінде «Рухани жаңғыру» мақаласындағы әлемдегі танымал 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылатынын руханият саласындағы үлкен жаңалық деп бағалар едім. Өйткені бұл студенттер үшін сапалы білім алуға, әлемдік білім мен ғылымның қазыналарынан сусындауға мүмкіндік береді. Дүниежүзінде мойындалған оқулықтардың ана тілімізге аударылуы оқу-ағарту саласына міндетті түрде серпін береді. Бұл оқулықтарды тек қана жастар ғана емес, оқытушылар да пайдаланып, өздерінің таным-көкжиектерін арттыратыны сөзсіз. Біз көбінесе мұндай пайдалы кітаптарды орыс тілі арқылы ғана біліп келгеніміз жасырын емес. Енді оны қазақ тілінде оқуға мүмкіндік туып отыр. Бір жағынан ана тіліміздің өрісі кеңейеді. Себебі әлемге танымал кітаптар қазақ тіліне аударылса, тіліміздің әлеуеті де жоғарылай түседі. Иә, мұндай жақсы идея бұрын тек арман болып келсе, қазіргі таңда ол біздің елімізде жүзеге асырылуда. Өйткені табысты болудың ең іргелі, басты факторы – білім. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».

Толығырақ, сілтемеде. 

Ұлттық код және санамыздың жаңғыруы




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *