Бүгін «Жастар синергиясы» жазғы лагері ашылады

289

Бүгін Астана маңындағы Қоянды ауылында «Жастар синергиясы» жастардың жазғы лагерінің салтанатты ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Оның мақсаты – жастар бірегейлігі, таланты, шығармашылығы мен бастамасын қолдау, жастардың белсенділігін қоғам игілігіне бұру. Сонымен қатар, жастарды рухани-мәдени әлеуетінің дамуына, салауатты өмір салтын ұстануына, жан-жақты дамуына жағдай жасау. Жастар бойында елге, жерге деген ыстық сезім мен белсенді азаматтық ұстанымын нығайту. Ең бастысы  — рухани жаңғыру үрдісінде жастардың үлесі қоғам мен мемлекет мүддесі үшін елеулі екенін жастарға түсіндіру. Жастар жігерін бір арнаға тоғыстыра отырып елдің әлеуметтік-экономикалық саласына бұру.

Жобаға қатысушылар жастар саясаты саласына қатысты ұйымдастырушылар ұсынған бес бағыттың бірі бойынша өзінің әлеуметтік жобасын ұсына отырып онлайн тіркеуден өтті. Аталған бағыттар:

  1. Жастардың әлеуметтік дамуы;
  2. Жастар және бизнес;
  3. Жастар, мәдениет және спорт;
  4. Жұмыссыздықтың алдын алу және кәсіби бағдар жұмысын өткізу;
  5. Жастар және ақпарат толқынында.

Тіркеуден өткен қатысушы ұйымдастырушылардың арнайы шақырған коуч және бизнес тренерлері, елімізге танымал тұлғалары және өзінің стейкхолдерлерімен бірге өз жобасын талқылып, толықтырып жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар лагерь жұмысына ҚР Парламенті мен Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Астана қаласының қоғамдық кеңес мүшелері, танымал кәсіпкерлер, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының басшылары, Қазақстан эстрадасы жұлдыздары т.б. қатысады.

«ЖАСТАР СИНЕРГИЯСЫ» жастар жазғы лагерінің ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Аманшаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты З.Я. Балиева, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры А.Р. Оралов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің жастар саясаты мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі О. Сүлейменов, Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің мүшесі, «Beeline Kazahstan» компаниясының әлеуметтік жобалар директоры А. Жұмағұлова, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Т. Қалиев, «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасының  Technovationchallenge жобасының менторы М. Шынасыл қатысады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *