«ШАРЫҚТАҒАН ОҢТҮСТІКТІҢ ӘНДЕРІ-АЙ…»

63

Астанада Түркістан облысы өнерпаздарының «Шарықтаған Оңтүстіктің әндері-ай» мерекелік концерттік бағдарламасы өтті.

        Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ән мен күй әлдилейді Астананы» атты Түркістан облысының Астанадағы күндері аясында Елордадағы «Этноауыл» алаңында 150-ге жуық мәдениет және өнер шеберлерінің қатысуымен «Шарықтаған Оңтүстіктің әндері-ай» мерекелік концерттік бағдарламасы өтті.

        Шара «Қара жорға» биімен бастау алып, Түркістан облысында туған композиторлар Ш.Қалдаяқов, Е.Серікбаев, Ә.Ботағараев және өзге де елімізге белгілі сазгерлердің патриоттық, лирикалық әндері шырқалса, қазақ жұртының тарихи сәтін сан қимылмен өрнектеген билер мен дәстүрлі әндер де ел ықыласына бөленді.

      «Шарықтаған Оңтүстіктің әндері-ай» мерекелік концерттік бағдарламасына облыстың абыройын асқақтатып, мәдени дамуында өзіндік үлестері мол мәдениет майталмандары ҚР еңбек сіңірген әртісі Сәбираш Абдрайымова, бірнеше халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Әлден Жақсыбеков, дәстүрлі әнші Ақмарал Биназарова, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілері мен 30 жыл ішінде ұлттық биімізді кеңінен дәріптеп халықаралық, республикалық байқауларда топ жарып жүрген «Қазына» би ансамблі және «Тұмар» фольклорлық ансамбльдері қатысып, өнерлерін паш етті.

       Айта кетсек, Түркістан облысында мәдениет саласындағы 736 мәдениет және өнер мекемелерінде 5 мыңға жуық қызметкер абыройлы еңбек етуде. Мәдениет пен тарихы мол шежірелі өлкенің өнер шаңырағынан түлеп ұшқан Н.Өнербаев,Г.Сиқымбаева, С.Майғазиев, Ж.Жексенұлы, А.Жорабаева сынды көптеген елімізге белгілі өнер жұлдыздары сахна саңлағына айналса, дарындар ізін басқан жаңа буын да көптеп өсіп келеді. Тұран елі өнерін Астана төрінде асқақтатқан жаңа буындар ішінде «Сарын», «Ретро» топтары да бар.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *