«Алматы Астана мəдени көпірі» көркемсурет көрмесі өтеді

261

Астанада 25 маусым күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алматы-Астана мәдени көпірі» көркемсурет фотокөрмесі өтеді. Фотокөрме — елорданың 20 жылдық мерей тойына арналған, Астанадағы Алматы қаласының Мәдениет күндері аясында ««Universal Media Service агенттік» қоғамдық қордың Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған жобасы.

Фотосуреттер жаңа елорда имиджінің орнығуына, Алматы мәдени қайраткерлердің және белгілі мәдени ұйымдардың шығармашылық дәстүрлерінің үлесін дәріптейді. Экспозицияның басты мақсаты – көркем фотосурет құралдарымен шығармашылық идеялардың дамуындағы сабақтастықты, сонымен қатар ынтымақтастық, жаңа кеңістіктер мен жағдайларды игеру, тойтарыс беру рухы мен шығармашылық жеңістер атмосферасын жеткізу болып табылады. Ұсынылып отырған жұмыстар фото-документалистикадан бөлек, керісінше, креативті, шығармашыл және осы күнгі тұрғыдан жанды эмоциялар мен сезімдерді, сонымен қатар мәдени объектілер, ғимараттар мен қоршаған ландшафттардың өзіндік стилистикасын көрсетеді деп жоспарлануда.

Фотокөрме еліміздің екі бас қаласы басқа аумақтарға үлгі бола отырып, тығыз әрекеттестікте дамып, бір бірін үйлесімді толықтыратынын көрсетеді.

Іс-шараға өнер саласының белгілі тұлғалары, шығармашылық ұжымдар, көркемөнер жоғары оқу орындарының және Астана және Алматы қалаларындағы мұражайлар өкілдері қатысады. Фотокөрме 1 шілдеге дейін жұмыс істейді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *