Алматы облысында менингитпен ауырды деп күдіктелген науқас қайтыс болды

307

Науқас ауруханаға 19 маусымда жатқызылған.

«Алматы облысында менингококкты инфекция жұқтырды деп күдіктелген науқас қайтыс болды. Ол ауруханаға 19 маусымда жатқызылған. Зертханалық зерттеулер жұмыста. Ол адаммен қарым-қатынаста болғандарды медициналық тексеруден өткізіп жатырмыз», — делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдемесінде.

Ведомствоның хабарлауынша, 21 маусым күні Қазақстанда жыл басынан бері менингококкты инфекция жұқтырған 62 жағдай тіркелген, оның үшеуі стационарлық жағдайда емделіп жатса, 46-сы емделіп шыққан. Осы дерт салдарынан 13 адам қайтыс болған.

Дереккөз: baq.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *