БЖЗҚ-ның Ашық есік күніне келушілер саны соңғы үш айда рекордтық көрсеткішке жетті

285

БЖЗҚ-ның Алматы қалалық филиалында бүгін келушілер саны соңғы үш ай ішінде рекордтық көрсеткішке жетті. Қор ұйымдастырған «Ашық есік күніне» 600-ден астам салымшылар, алушылар мен зейнетақы саласы туралы кеңірек білгісі келген басқа да азаматтар қатысты, — деп хабарлайды«БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Мұндай шара былтырғы жылдың басынан бастап әрбір тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Бұл күні барлық қазақстандықтар БЖЗҚ филиалдарына келіп, республикамыздың зейнетақы жүйесіне қатысты сауалдарына жауап ала алады. Қор жетекшілігі жұртшылықтың бұл шараға деген қызығушылын ескере отырып, Ашық есік күнін дәстүрлі шараға айналдыруды шешті. Бір жарым жыл ішінде Ашық есік күніне 20 мыңнан астам адам қатысты. Бұл жолы қор қызметкерлері шараға қатысушыларды зейнетақы жарналарының түрлерімен және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу әдістерімен таныстырды.

Қазіргі таңда Қазақстанда зейнетақы жарналарының 3 түрі бар. Міндетті зейнетақы жарналары азаматтардың, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары жұмыс берушілер тарапынан зиянды жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлердің есебіне аударылса, үшінші- ерікті зейнетақы түрлері өзінің зейнет жасын жоспарлап, қарттық шақтағы қажеттіліктеріне қаражат жинауға ниетті азаматтарға арналған.

Салымшыларға өздерінің жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы біліп отыру да маңызды. Бүгінде бұл туралы білу үшін Қор кеңсесіне бару немесе дәстүрлі пошта байланысымен пайдалану міндетті емес. БЖЗҚ-да көптеген қызмет түрлерін электрондық сервистер арқылы алуға болады. Бұл бағытта жасалған алғашқы қадам электрондық пошта болса, қазір БЖЗҚ салымшылары мен алушылары — www.enpf.kz сайты жеке кабинет ашуына болады немесе «e-mail-ге ЖЗШ-дан үзінді – көшірме алу» қызметімен; Android, iOS (iPhone, iPad) операциялық жүйелеріне арналған ENPF мобильді қосымшасымен пайдалана алады. Ал «Цифрлы Қазақстан» ұлттық бағдарламасы электрондық қызмет мүмкіндіктерін кеңейте түсті. EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы да Қор қызметтерін қолдануға болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *