Алматыда Виктор Цойға ескеркіш орнатылды

155

Алматыда танымал музыкант Виктор Цойға «Ине» фильмінің соңғы кадрлары түсірілген көше бойынан ескерткіш орнатылды

Әнші тірі болғанда бүгін 56 жасқа келер еді. Аталмыш орынға рок жұлдызының мүсінін қою өткен жылдың күзінде жоспарланған болатын.

«Виктор Цой әлі күнге дейін Еуразиядағы нөмірі бірінші рок әнші саналады. Ол өзіне ғана тән шығыстық келбетімен халықтың жүрегінен орын ала білді. Шетелде де Цойды осы бейнесі арқылы таниды. «Ине» фильмінің соңғы кадрлары түсірілген Мұқан Төлебаев атындағы көшеде әншіге арналған шағын архитектуралық мүсін орнатылады»,- деген болатын кине­матографиялық өнер мен ғылымдар ұлттық академиясының президенті Рашид Нұғманов. Ескерткіштің ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен өнер адамдары, қала тұрғындары қатысты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *