Иранда ұсталған қазақстандық режиссер елге келе жатыр

299

Саясаттанушы Ерлан Карин қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеевтің елге қайтып келе жатқанын мәлімдеді.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қанат Бейсекеевтің жағдайы жақсы. Ол үйіне ұшып келе жатыр. Жұмысқа байланысты бір жағдай туындады, бірақ мәселе шешілді», — деп жазды Карин.

Айта кетсек, бүгін қазақстандық режиссер, деректі фильмдер режиссері, сценарист және оператор Қ. Бейсекеевтің Иранда ұсталғаны туралы PR-маман Әлішер Елікбаев айтты.

Дереккөз: baq.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *