Президент Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайип Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

62

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Режеп Тайип Ердоғанға Түркия Республикасының Президенттігіне сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Сайлау нәтижелері түрік халқының Сіздің ел басшысы лауазымындағы қызметіңізді жоғары бағалап, жүргізіп отырған саяси және экономикалық реформаларыңызға, сондай-ақ дамудың стратегиялық бағыттарына шынайы қолдау білдіргенін көрсетті. Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара құрмет пен бауырластыққа негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынас екі халықтың мүдделеріне қызмет етіп, болашақта біздің стратегиялық әріптестігіміз сапалы жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін», — делінген жеделхатта.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *