Жазғы демалысты тиімді өткізгіңіз келсе…

250

Жаз мезгілі тамаша ауа райымен ғана емес, демалыс науқанымен де баурайды. Маусым-тамыз айлары адамдардың еңбек демалысына шығып, күш-қуат жинайтын, ел мен жер аралайтын кезі. Демалысты әсерлі, қызықты және ең маңыздысы – үнемді етіп өткізуді екінің бірі қалайтыны анық. Төменде демалысты естен кетпестей, әрі қаражат шығындамай өткізуге тиімді елдер тізімін ұсынамыз.

Экзотикалық мемлекеттерде, Еуропада немесе Таяу шетелде артық шығынсыз демалғыңыз келе ме? Жоғары деңгейдегі демалыс үшін арзан мемлекеттер жарнамалаушылардың ойлап тапқаны емес. Ең үздік, бірақ қымбат емес демалыстың бірнеше нұсқасын қарастырып көрейік. Туристік демалыстың еуропалық сатыдағы тарихи мұрасы бай Греция еліндегі экономикалық тоқырауға байланысты қымбат емес демалысқа қол жеткізуіңіз әбден мүмкін. Грек асүйінің дәмді мәзірлерінен дәм татқыңыз келсе, мысалы   фет ірімшігінің жарты келісін немесе жақсы шарапты шамаман 1500 теңгеге ала аласыз.

Егер де виза рәсімдемей-ақ арзан демалғыңыз келсе, Грузияны ескергеніңіз абзал. Мұнда таза теңізге түсіп қана қоймай, танымал шипажайларда бюджеттік ем қабылдауыңызға мүмкіндік бар. Жағажайларға кіру ақысыз, ал мейманханаларда тұрақтауға  кететін шығын  төмен.  Мысалы мейманханада 7500 теңгеге де, 4500 теңгеге де  бөлме жалдауыңызға болады.

Испания тек жағажай демалысы үшін ғана емес, белсенді, танымдық демалыс үшін де аса қызықты. Экскурсиялар мен тарихи жерлерді аралауға орташа есеппен 3900 теңге бересіз. Тамақтанудан ақша үнемдеп, мейманханалардан емес, кішігірім, жайлы «таверналардан» ас ішкеніңіз жөн. Есесіне, қалтаңызда қалған ақшаны  фламенко шоуына және корридаға жұмсай аласыз.

Тау шыңдарына көтеріліп, теңізде шомылуды қаласаңыз, немесе қызықты тарихи жерлерді аралағыңыз келсе, Абхазияға бағыт алыңыз. Өткені бұл мемлекетте демалыстың барлық түрлері арзан. Мысалы, 3 сағаттық аттағы серуен ересек адам үшін 3800 теңгені құраса, тау өзеніндегі рафтинг 4900 теңге, ал джиппинг 8400 теңгені құрайды.

Арзан демалысты таңдаған кезде, Үндістанды естен шығармаңыз. Мұнда бірегей будда храмдары көп. Табиғат көркемдігін бағалап, әсерлі фестивальдар мен мерекелерге қатыса аласыз. Мейманханалардың орташа сомасы 4200 теңге. Сауда жасағыңыз келсе, жергілікті базарларға барғаныңыз дұрыс. Өйткені әтірлер мен қоспаларды, әдемі сөмкелер мен маталарды аз ақшаға аласыз.

Түркия жерлестеріміз арасында «барлығы қосылған» жүйесі негізіндегі қымбат емес демалысымен аса танымал. Дегенмен өздігінен демалғаныңыз да әсерлі, әрі үнемді болмақ. Жергілікті базарларда  саудаласып, дайвингпен шұғылдана аласыз. Мұндағы жемістер арзан бағасымен «тіл үйіреді».

Армения қазақстандықтарға арзан визасыз демалысты ұсынады. Ежелгі храмдар, моныстырлар, үңгірлер, сарқырамалар жыл сайын Арменияны таңдайтын турситердің санын арттыруда.

Венгрия Еуропанын қақ ортасы. Мұндағы демалыс сапасы көрші Австриямен салыстырғанда жоғары деңгейде және мекендеу сомасы едәуір төмен. Денсаулыңызды түзеймін десеңіз, минералды көздері бар шипажайлардан орын алыңыз. Ал экскурсияларды аралағыңыз келсе, бастапқы бағасы 7600 теңгені құрайды.

«Еуропалық» демалысқа қызықсаңыз, Польшаға назар аударыңыз. Готикалық алып  шіркеулер, ренессанс пен ортағасырлық  дәуірдегі қалаларды асықпай жүріп аралай аласыз. Бұл ретте мейманханаларда  тұрақтау мен тамақтану қол жетімді. Мысалы кофенің бір кесесі 760 теңгені құраса, бигмаг + кола + картоп 1640 теңге.

Беларусь мемлекеті визасыз демалыстың ең арзан түрлерін ұсынады. Бұл ел табиғат аясындағы демалысты таңдайтындар үшін мінсіз. Мысалы, аңға шығып, балық аулау үшін барлық жағдайлар жасалған. Ал мейрамханадан тамақтанғыңыз келсе, орташа есеппен, 6000 теңге жұмсайсыз.

Егер де Вьетнамда 15 күннен аз демалсаңыз, виза рәсімдеудің қажеті болмайды. Азиялық стильдегі сарайлар мен храмдарды тамашалап, дәмді тамақтанғыңыз келсе, 1500-1900 теңге аралығындағы қаражатыңыз кетпек.

Черногория құмды жағажайларымен ғана емес, түнгі кулбтарымен де танымал. Параглайдинг, серфинг, дайвингпен шұғылданамын десеңіз, белсенді демалыстың бұл түрлері барынша арзан.

Сонымен, биылғы демалысыңызды қайда және қалай өткізуіңізге болатындығын аздап жаздық. Ендігі таңдау еркіндігі өздеріңізде. Жазғы демалыстарыңыз сәтті өтсін!

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *