Менталды арифметика туралы не білеміз?

429

Баланың жан-жақты дамуы үшін  оның қызығушылықтары мен қабілетін бақылап, қажетті бағытта дамытатын  білікті мамандардың кеңесі мен білімі қажет. Мысалы, менталды арифметика білім берудің инновациялы, яғни жаңашыл саласы болып табылады. Бұл жаңа әдіс баланың  арифметикалық дарынын дамытуға арналған. Оның нәтижесінде  балалар қарапайым және күрделі есептерді ойша шығарып машықтанады. Менталды арифметиканың негізін түсіну үшін оның мәнісін егжей-тегжейлі білу маңызды. Айта кетерлігі, менталды арифметика Азия елдерінде, оның ішінде Қытай мен Жапонияның  оқу орындарында міндетті түрде оқытылатын пән ретінде енгізілген. Яғни күнделікті оқытылатын пән немесе факультативтік сабақ болуы мүмкін.

Жаңашыл әдістің негізі ретінде Ежелгі Қытайда пайдаланылған сандық шоттар алынған. Уақыт өте келе бұл шоттар Жапонияда жаңартылып, кейіннен заманауи калькуляторға айналды. Ғалымдардың пікірінше, ежелгі «абакус» балалардың дамуы үшін аса пайдалы. 1990 жылдардың басында менталды арифметика Қытайда енгізіліп, танымал әлемдік сарапшылардың қолдауына ие болды. Қазіргі күні аталмыш бағдарлама көптеген мемлекеттерде қолданылуда. Ежелгі сандық шоттар Батыс елдерінде, оның ішінде АҚШ пен Канадада кеңінен таралуда. Сонымен қатар Таяу Шығыс, Орталық Азия мен Ресейде менталды арифметиканың бірқатар орталықтары ашылған.

Ғалымдар  мидың сол жартышарлары логикалық ойлауға, ал оң жартышарлары шығармашылық қабілеттерге жауапты болатынын анықтады. Мысалы, егер оң қолды қимылдатса, сол жартышарлардың қызметі іске қосылады, ал егер екі қолды бірдей іске қосса, бала дамуында елеулі жетістіктерге жеткізуге болады. Инновациялы әдістің көздегені де осы болса керек. Уақыт өте келе жаңашыл әдіс арқылы баланың ойша жылдам есептеуі, аналитикалық қабілеттердің пайда болуы сияқты алғашқы жетістіктерін байқауға болады. Бұл жағдайда бала электронды калькуляторды емес, «абакусты» пайдаланады. Ол ақыл-ой үдерістерін жаттықтырып, ойша есептеуді жетілдіреді.

Әлемнің түрлі мемлекеттеріндегі балалар осы бірегей әдіс бойынша білімдерін жетілдіруде. Осыған орай менталды арифметика бағытындағы оқытудың танымалдылығы да артуда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *