«Поль Серюзье және Бретань: аңыздар сиқыры» бейнелеу өнері көрмесі өтеді

334

 Өнер сүйер қауымның назарына! 28 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Гран-Пале – Францияның Ұлттық музейлер бірлестігеннен келетін «Поль Серюзье және Бретань: аңыздар сиқыры» бейнелеу өнері көрмесі ашылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық музейінің қоғаммен байланыс бөлімі хабарлайды.

Көрмеде 19 ғасырдағы француз кескіндемесінің 48 жауһары, 48 маржаны, оның тарихының ең қызықты және ең тылсым, құпия беттері – символизм және модерн ұсынылған. Көрермендер әйгілі Поль Гогеннің және оның «Наби» тобына ерушілер – Поль Серюзье, Эмиль Бернар, Пьер Боннар, Моррис Дени және тағы басқаларының шығармашылығын көре алады.

Көрме 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *