«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНЕ 150-ДЕН АСА ОҚУШЫДАН ҚҰРАЛҒАН КЕРУЕН-ШЕРУШІЛЕР КЕЛДІ

436

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысының мектеп оқушыларынан құралған «Облыс тарихы-2018» атты керуен-шеруі облыс орталығы Түркістан қаласына келді, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.
      

Аталған керуен-шеруіне Түркістан облысының әр ауданынан үлгілі оқитын көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларынан шыққан және тұл жетім 10 мектеп оқушыларынан құралған 150-ден аса бала қатысты.
Еліміздің өскелең ұрпақтары Қожа Ахмет Ясауи және хан, сұлтан, батыр бабалар мен аналар рухына құран бағыштап, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің экспозициясымен танысты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *