Қазақстан Ұлттық банкі төлем қызметтерін маңызды жеткізушілердің тізілімдерін жаңартты

501

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем нарығын қадағалау (оверсайт) шеңберінде интернет-ресурста Төлем жүйелерінің тізілімін және Төлем қызметтерін маңызды жеткізушілер тізілімінжаңартты.

Төлем жүйелерінің тізілімінде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін 19 төлем жүйесі, оның ішінде операторлары Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болатын шетелдік жүйелер туралы ақпарат бар. Төлем жүйелері жоғарыда көрсетілген Заңда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес және Ұлттық Банк Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 222 қаулысымен бекітілген маңызды төлем жүйелерінің өлшемшарттарының көрсеткіштеріне сәйкес түрлер (жүйелі маңызды, маңызды және өзге де төлем жүйелері) бойынша тізілімде бөлінген.

Жүйелі маңызды төлем жүйесіне бұрынғысынша Банкаралық ақша аудару жүйесі, маңызды төлем жүйелеріне – Банкаралық клиринг жүйесі, VISA, Алтын Тәж жатады. Сонымен қатар жүргізілген талдау қорытындылары (2017 жылғы мамыр – 2018 жылғы сәуір аралығы) бойынша Mastercard жүйесі маңызды төлем жүйесіне жатқызылды. Мәселен, талданып отырған кезең ішінде төлем карточкаларының аталған жүйесі арқылы аталған төлемдердің жалпы көлемінің 25%-дан астамы көлемінде төлем карточкаларымен есеп айырысулар бойынша банкаралық төлемдер жүзеге асырылды. Қалған 14 жүйе өзге де төлем жүйелеріне жатқызылды.

Төлем қызметтерін маңызды жеткізушілердің құрамы өзгерген жоқ. Төлем карточкалары нарығында төлем қызметтерін маңызды жеткізушілерге бұрынғысынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, электрондық ақша нарығында «Kaspi Bank» АҚ, жүйелік маңызы бар төлем жүйесі (Банкаралық ақша аудару жүйесі) арқылы төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу кезінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы «Ситибанк Қазақстан» АҚ, зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру және жүзеге асыру, мемлекеттік бюджеттен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақыларды, әлеуметтік және өзге де төлемдерді төлеу бөлігіндегі өлшемшарт бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жатады.

Дереккөз:BAQ.KZ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *