ЕЛШІЛІК ЕҢБЕКТІ ЕЛЕДІ

188

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Байланыс және ақпарат күніне орай бүгін бір топ бас редакторлар мен журналистерді кәсіби мерекесіне орай арнайы марапаттады. Сондай-ақ екі ел арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың жоғары дәрежеде дамуына еңбек сіңірген айтулы азаматтарды мерейтойымен құттықтап, алғысхаттар тапсырды.
Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлының жылы лебізі мен дұғай сәлемін дипломат-жазушы Мəлік Отарбаев жеткізді. Шараға Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулының орынбасары Алтай Алпер,  Анкардағы Еуразия Экономикалық қатынастар қауымдастығының төрағасы Хикмет Ерен қатысып, айтулы сый-сияпаттарды салтанатты түрде табыс етті.
Сонымен, елшілік тарапынан еңбегі еленгендер тізімі төмендегідей:

Түркі әлемі мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі үшін Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу мен Түркия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Хакан Чавушоглының құттықтау хаты:

Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ – Қазақстанның халық артисі

  • Ахметжан АШИРОВ – жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Рафаэль НИЯЗБЕК – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарына ақпараттық қолдау білдіргені үшін Еуразия Экономикалық қатынастар қауымдастығының «Баспасөз сыйлығы»

Марат ТОҚАШБАЙ – «Президент және халық» газетінің бас редакторы

 

  • Қуандық ТҮМЕНБАЙ – «Үркер» журналының бас редакторы
  • Қали СӘРСЕНБАЙ – «Алматы Ақшамы» газетінің бас редакторы
  • Нұрғали ОРАЗ – «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы бөлімшесінің жетекшісі
  • Нұртөре ЖҮСІП – «Айқын» газетінің бас редакторы
  • Суретте: Ермахан ШАЙХЫ
  • Жаңабек ШАҒАТАЙ – «Түркістан» газетінің бас редакторы

Түркі әлемі әдебиетінде қызмет сіңіргені үшін Әлем сөз академиясының «Қызмет сыйлығы»

  • Самат ИБРАИМ – «Ана тілі» газетінің бас редакторы

 Түркі әлемі әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға ақпараттық қолдау көрсеткені үшін Түркі әлемі Жазушылар және өнерпаздар қорының «Арнайы сыйлығы»

  • Жанарбек ӘШІМЖАН – «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы

Түркі әлемі әдебиеті мен мәдениетін насихаттағаны үшін Еуразия Жазушылар қауымдастығының

«Арнайы сыйлығы»

  • Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ – «Айқын» газетінің Ақпарат бөлімінің редакторы

 Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін Еуразия Экономикалық қатынастар қауымдастығы мен Елшіліктің «Алғыс плакеткасы»

  • Жанат СЕЙДУМАНОВ – Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры
  • Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ – «Жамбыл» қорының Құрметті төрағасы, жазушы
  • Манарбек ІЗБАСАР – «Жамбыл» қорының президенті, ақын
  • Дүйсен МҮСІРӘЛІ – «Балдырған» журналының бас редакторы

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды насихаттауға қосқан үлесі үшін Еуразия Экономикалық қатынастар қауымдастығы мен Елшіліктің «Алғыс плакеткасы»

  • Гүлжазира СЕЙДАХМЕТОВА – «Вечерний Алматы» газетінің бас редактор орынбасары
  • Абдұлхамит АВШАР – ТРТ телеарнасының Қазақстандағы өкілі
  • Роза ҚАРАЕВА – «Жас Алаш» газетінің Мәдениет бөлімінің редакторы
  • Бағдагүл БАЛАУБАЕВА – «Ана тілі» газеті Әлеуметтік мәселелер және ақпарат бөлімінің редакторы
  • Мира МҰСТАФИНА – «Литер» газетінің шолушысы
  • Саят ҚАМШЫГЕР – «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы
  • Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ – «Түркістан» газетінің бас редактор орынбасары
  • Алмас ҚУАНБАЕВ – «Қазақпарат» тілшісі

 Түркі әлемі әдебиеті мен мәдениетін насихаттағаны үшін Еуразия Жазушылар қауымдастығының
«Алғыс плакеткасы»

  • Көлбай АДЫРБЕК – «Түркістан» газетінің тілшісі
  • Әнуарбек ӘУЕЛБЕК – «Алматы Ақшамы» газетінің бас редактор орынбасары
  • Жазира ЕЛШІБАЙ – «Қазақстан» телеарнасы «Таңшолпан» бағдарламасының редакторы

Түркі әлемі әдебиеті мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Түркі әлемі Жазушылар және өнерпаздар қорының «Алғыс плакеткасы»

  • Жұмабек ТАБЫН – Бейімбет Майлин қорының директоры
  • Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ақын, «Илхам» сыйлығының лауреаты
  • Айнаш ЕСАЛИ – «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды насихаттауға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің «Алғыс хаты»

  • Айтжан САЛЫҚҰЛЫ – «Айқын» газетінің фототілшісі
  • Құл-Керім ЕЛЕМЕС – «Балдырған» журналының бөлім редакторы
  • Серік НҰҒЫМАН – «Балдырған» журналының бас редактор орынбасары
  • Салтанат ЕЛЕМЕСОВА – ҚР Ұлттық кітапханың директор орынбасары
  • Бүлент САРЫПКАЯ – ТРТ телеарнасының тілшісі
  • Гүзал ЗАИТОВА – ТРТ телеарнасының тілшісі
  • Әлібек ШЕГЕБАЙ – «Қазақ радиосының» журналисті
  • Бахтияр НҰРЫМОВ – «Қазақ радиосының» журналисті
  • Мақсат ҚҰСАЙЫНОВ – «Түркістан» газетінің фототілшісі
  • Малика РҮСТЕМ – «Литер» газетінің тілшісі
  • Дархан БАЙТІЛЕС – «Алты Алаш» газетінің жауапты хатшысы
  • Нұргүл ЖАМБЫЛҚЫЗЫ – «Қазақстан» телеарнасының журналисті

Соңынан осы шара үшін Анкарадан, Астанадан және Алматыдан арнайы келген қонақтардың иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

Фото: Айтжан САЛЫҚҰЛЫ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *